Маңғыстау облысында жүргізуші мысықтың марғауын жол үстіне лақтырып жіберген (видео)
Маңғыстау облысында жеңіл көліктің жүргізушісі мысықтың марғауын жол үстіне, дәл көліктердің астына лақтырып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Мұнайлы ауданындағы "Татьяна" бау-бақша серіктестігінде, 1 шілдеде таңертең болған.
Видеодан көлік жүргізушісінің мысықтың марғауын жол үстіне лақтырғанын көруге болады. Осы сәтте жанында жүк көлігі жүріп келе жатқан. Мысық көлік астынан қашып шыққанымен, екінші көлік қағып кеткен. Кейін марғаудың орнынан тұрып, әрі қарай кетіп қалған.
Әлеуметтік желідегі видео астында азаматтар көлік жүргізушісін тауып, қатаң жазаға тартуды сұрады.
"Жануарға қатыгездік танытып, апатты жағдай тудырған! Заң бойынша жазаға тартуды сұраймыз". "Мысықтар мұсылмандар үшін киелі. Мұны істеген адам туыстары мен балаларды да лақтырып жібере алады", – деп жазды екінші қолданушы.
Талқылау
Қазақстанда қант диабетінің әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарынан алынуы дау туғызды: Енді мемлекеттік көмекті кімдер алады
Желі қолданушысы: "МӘМС-ке төлесем де дәрілерді сатып аламын"
"Қауіпті ортада жүрудің құны бар-жоғы 160 мың теңге": Қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері жаппай бас көтерді
Қызметкерлер ай сайын 30-45 мың теңгедей кем жалақы алып жүр