Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда соңғы қоңырау кезінде екі мектеп оқушылары жаппай төбелесті (видео)

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында екі  мектеп оқушылары арасында жаппай төбелес болды. Оқиға түсірілген видеолар желіде жылдам тарап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram-дағы парақшаларда видео жарияланып жатыр. Кадрлардан төбелес басталған кезде полицейлер жақын жерде болғанын байқауға болады.

Олар оқушылар бір-бірімен төбелесе бастағаннан ажыратуға тырыспақ болып жүгіреді. Видеодан оқушылардың көп болғаны көрінеді.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді.

"25 мамыр күні сағат 11.00-де Бейнеу ауданының Бейнеу ауылында Ж.Қалдығараев және Ы. Алтынсарин атындағы мектеп оқушылары арасында төбелес болды. Оқиға орнында жеті адам ұсталып, мән-жайды анықтау үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жәбірленушілер жоқ. Соңғы қоңырау күніне байланысты полиция күшейтілген режимде қызмет атқаруға көшті", - деп хабарлады полицияда.



Аталған факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді.

Маңғыстау облысының полиция департаменті түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершілік туралы ескертіп, мектеп оқушыларын қадағалауды күшейтуге шақырады.

Талқылау