10-сынып оқушысы екі қойған ұстазын пышақтап тастады
Ресейдің Пермь өлкесі Березники қаласында 10-сыныптың оқушысы физика пәнінің мұғаліміне пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің сөзінше, 16 жастағы оқушы мен ұстаздың арасында жанжал туған. Ашуға булыққан бозбала пышақ алып, 74 жастағы оқытушының мойнына екі рет, кеудесіне бір рет сұғып алған.
Балалардың барлығы арнайы жасақ жауынгерлері келіп, кінәлі оқушыны тұтқынға алмайынша, мектептен шығарылмаған. Ұстаз тікұшақпен ауруханаға жеткізіліпті, дәрігерлер қазір оның жағдайы орташа ауыр екенін айтады.
Бозбала пышақты сөмкесіне салып, мектепке алып кіріпті. Алдын ала мәліметтер бойынша, оқушының бұл әрекетіне мұғалімнің тоқсанның соңында оған екі қоюы себеп болған.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген