Маңғыстау облысында шенеунік пара ретінде жиһаз алған
Маңғыстау облысында шенеунік пара түрінде жиһаз алғаны әшкере болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлім етті.
Пара алды деген күдікке Мұнайлы ауданының азаматтардың тұрмыс хаттамаларын тіркеу бөлімінің жетекшісі ілініпті.
Қазіргі таңда айыпталушы жеке кәсіпкерден пара алғаны туралы мойындаған. Құжаттың тез рәсімделуі үшін шенеунік ас үй жиһазын иеленіпті.
Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбапты. Алдағы уақытта сот күдіктіге қатысты соңғы шешімді шығарады.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған