Маңғыстау облысында шаңды дауыл пойыздың жылдамдығын азайтқан
Шаңды дауылдың салдарынан Бейнеу-Маңғыстау аумағындағы пойыздардың жылдамдығы сағатына 25 шақырымға шектелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы себепті Ақтөбе-Маңғыстау бағытындағы №110 пойыз Маңғыстау станциясына 42 минутқа кешігіп жетті.
Өткен тәулікте аталған учаскедегі жолды құмнан тазартуға 2 арнайы жабдықталған жол техникасы мен 30 адам жұмылдырылып, үш шақырым жол қалпына келтірілді.
Еске салсақ, кеше Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, көрудің қиындауына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар