Маңғыстау облысында лицензиясы жоқ кәсіпкерден сегіз мыңға жуық заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өңірде 7,9 мың бөтелке заңсыз алкогольді сусын тәркіленгенін мәлімдеді. Өнім иелерінің сақтауға және сатуға лицензиясы болмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lada порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Деректерге сүйенсек, 2024 жылдың І жартыжылдығында алкогольдің заңдылығына сегіз тексеру жүргізілген. Нәтижесінде алкоголь өнімдерін сақтауға және сатуға лицензиясы жоқ салық төлеушілер анықталған.
“Сонымен құрамында спирті бар 7 905 бөтелке тәркіленді”, – деп хабарлады ведомство.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алкоголь өнімін лицензиясыз сатуға заңмен қатаң тыйым салынғанын айтып, азаматтарға ескерту жасады. Заң бұзушылық болған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары тәркіленіп, айыппұл қарастырылған:
- Атап айтқанда жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде 55 380 теңге, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 25 АЕК 92 300 теңге мөлшерінде;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК мөлшерінде 147 680 теңге;
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК мөлшерінде 553 800 теңге.
Ал құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда айыппұл мөлшері екі есе артады.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге