Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында ойын алаңындағы әткеншек үзіліп, бала жарақат алды

Маңғыстау облысы Ақтауда 7-шағынаудандағы 5 үйдің тұрғыны Диана шағым жазған. Оның айтуынша, 30 маусымда үй ауласында ойын алаңындағы әткеншек үзіліп, баласы жарақат алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Lada.kz

Әйел көршілерімен қоса бірнеше рет жергілікті биліктен ескі балалар ойын алаңын жөндеуді сұраған. Алайда шенеуніктер алаңды жөндеуге асықпайды.

"Ұлымның беті көгеріп, сызаттар алған. Абырой болғанда менің ұлым жеңіл жарақатпен құтылды. Ол құлағанда басын не арқасын қоршауға соғуы мүмкін еді. Сол кезде не болар еді?!” – деп әйел ашуланды. 

Баланың әткеншектен құлаған сәті видеоға түсіп қалған.

Ойын алаңы 10 жылдан астам жөндеу көрмеген, бұл жағдай қала тұрғындарын алаңдатып отыр.

"Біз бірнеше рет әкімдікке, өзіміздің ПИК-ке шағым түсірдік. Бірақ нәтиже болмады. Бұл оқиғаны ешкім өз мойнына алғысы келмейді, оны жөндеуге де асығар емес", – деді қала тұрғыны.

Әйел балалар алаңын жөндеу жұмыстары көршілерінің күшімен бірнеше рет жүргізілгенін атап өтті.



Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Ейск қаласында, Поддубный демалыс саябағындағы “Лавица” аттракционы істен шығып, үш бала жарақат алғанын жазған едік. Қозғалыс кезінде балаларды ұстап тұрған құрылымның қорғаныс тұтқалары істен шыққан. Сол кезде аттракционда отырған екі қыз және бір ұл құлап, зардап шекті. Балалар аса ауыр жарақат алмаған. Алдын ала болжам бойынша, ұл баланың қабырғасы сынып, ал қыздардың денесі көгеріп, сырылып қалды.

Талқылау