Маңғыстау облысында кен орнындағы жатақхана өртенді: Қаза тапқандар бар
Маңғыстау облысындағы Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“ҚазМұнайГаз” компаниясына таратқан ақпаратқа сәйкес, 6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шашамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы "ҚазМұнайТеңіз" ТМК" ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шыққан.
“Қазіргі уақытта өрт ауыздықталды. Өртті сөндіруге "ҚазМұнайТеңіз" ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға кезінде екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған", – делінген хабарламада.
Оқиға орнына "ҚазМұнайТеңіз" ЖШС филиалының басшылығы барды. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.
Астанада ер адам жолға таласып, әйелді соққыға жыққан: Ол ауруханадан бір-ақ шықты
Әйелдің сіңлісі ер адамның тиісті жауапкершілікке тартылуын талап етті.
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді
Тұрғын: "Неге қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін есептегіштердің құнын тұтынушылар өз қалтасынан төлеуі керек?"