Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған екі қызды зорлаған күдікті өз-өзіне қол жұмсады
Маңғыстау облысында 12 және 16 жастағы екі қызды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам полиция бөлімшесінде терезеден секіріп, өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” порталына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Оқиға 2023 жылдың 5 ақпанында Маңғыстау облысының аудандарының бірінде орын алған.
Тергеу барысында күдіктінің қыздардың ата-анасының жақын досы екені белгілі болды. Ер адам 2019 жылдан бастап зорлық жасай бастаған. Ол ата-анасы күдіктенбейінше төрт жыл бойы қыздары зорлап келген.
Кейін қыздардың анасы кәмелетке толмаған қыздарды зорлау фактісі бойынша полицияға арызданған.
Құқық қорғау органдары зорлады деген күдікпен жергілікті тұрғынды сол күні ұстаған. Ер адам өз кінәсін мойындағанымен кейін өз-өзіне қол жұмсау үшін полиция бөлімшесінің терезесінен секіріп кеткен. Бірнеше күннен кейін ол ауруханада қайтыс болды.
“Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі (бірнеше рет жасалған зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды”,- деп хабарлады полиция департаменті.