Маңғыстау облысында ер адам бекіре аулағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды
Маңғыстауда ер адамның көлігінен 24 келі болатын бес бекіре табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Toyota Hilux көлігінен балық табылды. Бекірені заңсыз аулап, тасымалдағаны үшін Маңғыстау облысының түрғыны үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Ер адам апелляциялық шағым түсірді. Қорғаушысы екеуі кінәні мойындауы мен басқа соттылықтың жоқтығын ескере отырып, жазаны жеңілдетуді сұрады. Алайда апелляциялық алқа үкімді өзгеріссіз қалдырды.
"Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы сот ер адамның қылмысын дұрыс анықтады деп шешті. Үкімнің өзгеруіне немесе күшін жоюға әкелетін жаңа дәлелдер ұсынылмаған. Бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалды", – деп хабарлады Маңғыстау облысы сотының баспасөз қызметі.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген