Маңғыстау облысында бір түнде 7 әйелді сарышаян шақты
Маңғыстау облысында бір түнде 7 әйелді сарышаян шақты деген жеті оқиға тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі шағып алғандардың барлығы әйелдер екенін хабарлады. Ең бірінші жедел жәрдем қызметіне жүкті әйел хабарласқан. Ол Бейнеу ауданының тұрғыны болды. Жүктілікке қауіп төнуі мүмкін болғандықан ол орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.
Бейнеу ауданының тағы бір тұрғыны, 1973 жылы туған азаматша медициналық көмекке жүгінген. Үшінші оқиға Боранқұл ауылында 1985 жылы туған қыздың басында болды.
Шаян шаққан төртінші жағдайы Қарақия ауданы Құрық ауылында болды. Жәндік 1963 жылы туған әйелді шағып алған.
Соңғы үш оқиға Жаңаөзенде тіркеліп, әйелдер зардап шекті. Біреуін оң білегінн шаққан, тағы біреуінің сол жақ білегін шаққан.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі