Маңғыстау облысында бір топ жұмысшы ереуілге шықты
Маңғыстау облысында "М-Техсервис" ЖШС жұмысшылары ереуілге шығып, жұмыстарын тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скрин
Жұмысшылар үкіметке және "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ басышылығының видеоүндеу жолдады.
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ басшылығынан 2024 жылғы 26 қараша мен 2025 жылғы 26 ақпанда жасалған хаттамаларды орындауды талап етеміз. Біз қызметкерлер санының қысқартылуына байланысты, жұмыссыз қалудан қорқамыз. "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-тан "М-Техсервис" ЖШС-мен ынтымақтастықты жалғастыруын қатаң талап етеміз. Егер біздің талаптарымыз орындалмаса, біз жұмысқа шықпаймыз”, – дейді ереуілге шыққан жұмысшылар.
Жол дауы: Атырау облысындағы ауыл тұрғындары ереуілге шықты
Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті ереуілге шыққан жұмысшылармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады.
“Келіссөздерді "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясы жергілікті атқарушы органмен бірге жүргізіп жатыр”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстауда биліктен жұмыс талап еткен бір топ ер адам ереуілге шыққаны туралы жазған едік.