Маңғыстау облысында балабақша директоры мен есепшісі ата-аналардың жарнасын қалталарына басқан
Бейнеуде балабақша директоры мен есепшісі ата-аналардың жарналарын заңсыз түрде өздерінің жеке есепшоттарына аударған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: depositphotos.com
Олардың әрекеттерінің салдарынан 12 миллион теңгеден астам шығын келген. Алайда облыстық прокуратура өкілдері келтірілген шығынның толық көлемде өтелгенін атап өтті.
Сондай-ақ олар бұл мекеменің директоры мен есепшісі ата-аналар төлеген жарналарды өздерінің жеке есепшоттарына заңсыз аударғанын анықтаған.
Нәтижесінде, директорға ұрланған қаражаттың 10 еселенген мөлшерінде айыппұл салынса, есепші 3,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.
Еске салсақ, осыған дейін Түркістан облысында 500 миллион теңге жымқырған білім бөлімінің бұрынғы басшысы 7 жылға сотталғанын жазған едік.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі дала қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?