Маңғыстау облысында 42 жастағы әйел бала сатпақ болған
Маңғыстауда бала саудасымен айналысты деген күдікпен 42 жастағы әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, бала сату фактісі әлеуметтік желілерді тексеру кезінде анықталған. Сонымен қатар, тінту нәтижесінде әйел үйінде есірткі сақтағаны анықталды
"Аталмыш факті ҚР ҚК-нің 135-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы "Кәмелетке толмағандардың саудасы" бойынша тіркелді. Сонымен қатар әйелдің үйінде есірткі сақтағаны анықталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы "Есірткі, психотроптық немесе сол тектес заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз өндіру, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте 23 жастағы келіншек жаңа туған нәрестесін сатпақ болғаны туралы жазған болатынбыз.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті