Ақтау қалалық сотының экс-төрағасы сотталды
Фото: Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімімен Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин 9 жылға және жеке сот орындаушысы Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
“Олар түрмеге отырғызбаймыз деген желеумен 18 миллион теңге алған. Осы әрекеттері үшін алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген айыппен кінәлі деп танылды. Қосымша жаза ретінде Шайдуллин мен Жанахметов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды”, – делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 2024 жылдың маусым айында Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллиннің қамауға алынғаны туралы жазған едік.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған