Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды төлемеген қазақстандықтарға өсімпұл мен айыппұл салына ма?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды уақытылы төлемегені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар төлене ме? Бұған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері жауап берді.

«Міндетті медициналық сақтандыру туралы заңда қызметкерлерге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және төлеушілерге ешқандай жаза қарастырылмағанын хабарлаймыз», - деп түсіндірді қор өкілдері ҚазАқпаратқа берген ресми жауабында.

Баспасөз қызметі айыппұл міндетті медициналық сақтандыру бойынша берешегі бар жұмыс берушілерге қарастырылғанын түсіндірді (төлем күнін қоса есептегенде әрбір кешіктірілген күн үшін берешектің 1,25%).

«Егер жұмыс беруші қызметкерге төлем жасамаса немесе уақытында төлемесе, қызметкер міндетті медициналық сақтандыру пакетінде медициналық көмек ала алмайтындықтан, оның мәртебесі «Сақтандырылмаған» болып өзгереді. Бұл жеке кәсіпкерге де қатысты», - делінген ресми хабарламада.

Айыппұлдарды қорға есептеу туралы хабарлама түскен жағдайда, аумақтық мемлекеттік кірістер департаментіне хабарласыңыз.

«Медициналық сақтандыру қорына тек жарналар, аударымдар мен айыппұлдар түседі. Міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналар мен аударымдарды төлемегені үшін айыппұлдарды есептеуді салық органдары жүзеге асырады», - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Талқылау