Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мамасының баласы" деп мұқатады": Гүлзира Айдарбекова халыққа үндеу жасады

Танымал отбасының мүшесі, продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты жамандайтындарға арнап жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Продюсердің айтуынша, кім не десе о десін, Қайрат халықтың бағына біткен бала көрінеді. 

“Байқайсыздар ма, оқып та жүрген боларсыздар?! Қайраттың ата-анасына, бізге деген ерекше құрметіне разы адамдар – 80 пайыз болса 20 пайызы азғырумен келеді. Ой “мамасының баласы” дегеннен бастап мұқатып отырады. Бірақ Алла оның жүрегіне салған мейірімділігін ешкім алып тастай алмайтынына көздері жетер емес. Алланың берген бағымен таласуынан өз ұрпағына зияндық келетініне де күмәні бар не қысқа ойлайды, санасы жетпейді”, – деп ойын бөлісті продюсер. 



Сонымен қатар ата-ананы құрметтеу туралы бұрын-соңды естімеген мақал-мәтелдерді жариялады. 

 “Мынадай мәтелдер жәйдан-жәй емес. “Ата-ананы құрметтеңіз, олар сияқты сізді ешкім, ешқашан жақсы көре алмайды!”, “Ата-ананың ақ батасы – сені үлкен жетістіктерге жеткізеді”, “Жануар азық үшін торға түседі, ата-ана бала үшін отқа түседі!”, “Ата-анаң үшін не істесең, балаларыңнан соны күт!” деген мәтелдерді ұмытпайық. Қанатты сөздер ұнап жатса, ойыңызға түйіп жүріңіз. Өзіңіз білетін мәтелдерді жаза кетіңіз. Жақсы сөз – жарым ырыс. О адамдар, жақсы сөйлейікші, бір-бірімізге жақсылық жасайықшы! Сол кезде елімізге де Алла әр отбасына да, жақсылықтың нұрын төгеді, мүмкін өзгеру және өзгерту өз қолымызда шығар”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы. 

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова "келіндеріңмен жарыспа" деп сынағандарға жауап бергенін жазған едік. 

Талқылау