Мамандар ұйқының сапасын жақсартуға көмектесетін жеміс түрін атады
Сомнолог, медицина ғылымдарының докторы Майкл Брюс пен ұйқы жөніндегі сарапшы Роб Хобсон ұйқыны жақсартатын жеміс атауын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Huffpost басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәрігер түнгі тынығудың сапасына әсер ететін бірнеше факторлардың бірі ішек денсаулығы екенін жеткізді.
"Кешке жейтін тағамдардың қатарына бананды қосуға болады. Бананды жеу ішек жолдарының жұмысын жақсартып, ұйқы мәселесінен арылтады", – дейді мамандар.
Дәрігер Майкл Брюстің айтуынша, банан табиғи ұйықтататын дәрі деп бекер айтылмаған. Оның құрамында көп мөлшерде магний бар. Ол жүйке жүйесіне күйзеліспен күресуге көмектеседі және жүйке жасушаларының шамадан тыс қозуын тежейді.
Маман ұйқыны жақсарту үшін бананның жанына жасыл жапырақты көкөністер, жасымық, жаңғақ сияқты магнийге бай тағамдарды қосуды ұсынды.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен