Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер тұмауды емдеудегі басты төрт қателікті айтты

Германиялық "Focus" журналы тұмаудан арылуға кедергі жасайтын қателіктердің тізімін ұсынды. Мамандар ауру жұқтыру кезінде көмегін тигізетін бірнеше кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "РИА Новости" басылымына сілтеме жасап. 

тұмау

Қателіктер тізімінің басында мұрын спрейін ұзақ пайдалану тұр. 

"Ұзақ пайдаланғанда спрейлер мұрынның шырышты қабатын зақымдап, кейде тәуелділікке алып келеді", - деп түсіндіреді мақала авторы. 

Дәрігерлер спрейді бір аптадан артық пайдаланбау керектігін айтады. Бұлай болмаған жағдайда шырышты қабат қалыпты дозаға "үйреніп" қалады. Салдарынан созылмалы тұмау және тәуелділік қалыптасады. Сонымен қатар мұрынның шырышты қабатына бактерия енгізіп алмау үшін қолданар алдында құтыны сүрткен жөн.

Келесі қателік – препараттың көмегімен қызуды жылдам түсіру. 

"Қызу иммундық жүйеге ауру тудыратын миркроағзалармен күресуге көмектеседі. Жоғары температура қажетті қорғаныш реакцияларын жылдамдатады", - делінген мақалада.

Автор балаларда 38 градустан төмен, ересектерде 38,5 градустан төмен температураны түсірудің қажеті жоқ екенін айтады. Сонымен қатар тұмау кезінде демалыстан бас тартпаған дұрыс. Мақалада қызу түсіретін дәріден кейін адамда жеңілдік сезімі пайда болып, жұмыс істеуге кірісетіні айтылады. Автор толығымен емделмейінше спорт жаттығуларын жасамауға кеңес береді. 

Төртінші қателік – саунаға бару. Сауна және монша тұмау симптомдарын жоймайды, тек ағзадағы жылу реттеуді өзгертеді. Саунаға тек тұмаудың алдын алу үшін ғана баруға болады екен. 

Талқылау