Мамандар қорылдаудың қауіптілігін айтты
Ұйықтап жатқанда қорылдау денсаулыққа зиянын тигізуі мүмкін. Себебі қорылдаған кезде адамдардың тыныс алуында үзіліс болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ресейлік отоларинголог дәрігері Алексей Кошелев мәлімдеді.
Маманның сөзінше, кез келген түнде қорылдайтын адамның тыныс алуында үзіліс пайда болады екен. Кей жағдайда адамның тынысы 10 секундқа дейін үзіледі. Ал оттегінің ағзаға түсуіне кедергі келуі жүрек қан-тамырлар ауруларына соқтыруы ғажап емес. Дәрігер қорыладаудың жиілеуі өте қауіпті деп отыр. Бұған қоса тыныс үзілген кезде миға да салмақ түсетін көрінеді. Ал адамдардың таңертеңгісін шаршап оянуы содан екен.
Әсіресе, қорылдау балаларға зиян сыңайлы. Себебі оттегінің жетіспеушілігі баланың денесінің дамуына кері әсер етуі мүмкін. Жеткіншіктердің таңертең мазасыз күйде жүруі, тәбеттерінің болмауы міне осыдан дейді ресейлік маман.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі