Мамандар егеуқұйрықтардан адам өміріне қауіпті жаңа сегіз вирус түрін тапты
Қытай ғалымдары Хайнань тропикалық аралында адамдарға қауіп төндіретін сегіз жаңа вирусты тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Virologica Sinica басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандар аралда мекендейтін алты түрлі 341 кеміргіштің 682 сілекей алып, олардың вирустық анализін алды. Нәтижесінде аренавирус, коронавирус, астровирус, пестивирус, парвовирус және папилломавирус сияқты 22 түрлі вирустық ген анықталды.
Зерттеу барысында ғалымдар жаңа 8 вирусты тапты. CoV-HMU-1 деп аталатын және бетакоронавирустарға жататын – SARS-CoV-2 атты коронавирустар тұқымдасының бір түрін анықтаған. Мамандар мұның адамға жұғу қаупі жоғары екенін айтты.
Жаңа вирустардың қатарына сары безгегі мен денге безгегіне байланысты екі вирус болды. Олар:
- Ішек инфекциясын тудыратын вирустар тобынан шыққан жаңа астровирус
- Адамдарда жыныс мүшелерінің сүйелдері мен қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустар тобынан шыққан екі жаңа папилломавирус.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"