Мамандар дәмді қарбызды таңдаудың оңай әдісін атады
Жақсы қарбызды азық-түлік базарларынан және жәрмеңкелерден табуға болады. Сатып алған кезде олардың қыртысына назар аударыңыз.

Бұл туралы жемістерді зерттеген мамандар айтты.
- Тәтті және піскен қарбызды таңдау үшін, оны ұрып көру керек.
Піскен қарбыз саңырау дыбыс береді. Үні ақырын шығып, дірілге ұқсайды. Сарапшылардың айтуынша, егер дыбыс саңырау болса, онда қарбыз піскен. Ал егер анық шықса, ол әлі де пісіп үлгермеген.
- Жемісті өсетін жерге жақын жерден сатып алу керек.
Дегенмен әркім ондай мүмкіндікке ие болмағандықтан, азық-түлік базарлары мен жәрмеңкелер жақсы балама болады. Сарапшылар супермаркеттерде арзан сапалы қарбыздар жиі кездесетінін атап өтті.
- Қарбызды аларда оның қыртысына назар аудару керек. Ол жарылып кетпеген болуы керек. Сондай-ақ жылтырамайтын, қыртыстанған түрін таңдау керек. Себебі «жылтырап тұрған» қарбыз әлі жетілмегенін көрсетеді.
Сарапшылардың айтуынша, қыртысының көп болуы оның дәмділінін білдіреді. Бұған қоса, қарбыздың сары дағына назар салыңыз. Ол сары болса, піскенін білдіреді. Ақ болса, әлі толық піспеген.
Мамандар жазғы резеңке аяқ киімдердің зиянын айтты >>>
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады