Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар: 6 айдан асқан сәбилер жұмыртқа, ет өнімдерімен қоса дәуірмендері бар көкөністер жеу керек

Әлем бойынша 6 айдан асқан сәбилердің тең жартысы, яғни 60 пайызы жұмыртқа, ет өнімдері мен қоса, ағзаға аса қажетті дәуірмендері бар көкөністерді жемейді екен. Мұндай деректі балалардың құқығын қорғайтын халықаралық қор жасапты.

соңғы 10 жылда балалардың тамақтану дәстүрі мүлдем өзгеріске ұшыраған

Олардың есептеуінше, соңғы 10 жылда балалардың тамақтану дәстүрі мүлдем өзгеріске ұшыраған.

Құнарлы еттің орнына гамбургер, көкөністің орнына қуырлыған фри жейтін ұрпақты қандай аурулар күтуде. Жалпы дұрыс тамақатанатын отбасы бар ма? Мамандар нендей кеңес береді? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Елімізде  2 жасқа дейінгі балалардың 21% -ы жемістер мен көкөністерден түсетін дәуірмендерді алмайды. Дәл осы статистика мамандарды алаңдатуда. Олардың сөзінше, соңғы 10 жылда балалардың тамақтану дәстүрі әлдеқайда бұзылған.

«Қазір ата-аналар 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға түрлі пицца, бутерброд, фри беріп жатады. Салдарынан, кішкентай балалар оны дұрыс тағам деп қабылдап, жей береді. Оның бәрі майға айналып, қант диаетбетіне, артық салмаққа алып келеді. Бұл жерде айтарым, балалардың дұрыс тамақтануын тек ата-анадарға ғана қалыптастыра алады», - дейді диетолог Айнаүл Есімова. 

Диетологтардың айтары осы. Фастфуд қазір тек жасөпірімдердің ғана емес, бесіктен белі шықпаған сәбилердің де  ағзасын улауда. Оған тек түрлі жарнамадан бөлек, көбіне ата-аналардың өздері итермелейді.

Ал, Әлия Айсаутованың балалары тез дайындаталатын тағамдарды мүлдем жемейді екен. Таңертең әдеттегідей ботқа жеп, кешкісін сорпа ішеді. Кейіпкердің айтуынша, дұрыс тамақтануды бұрыннан әдетке айналдырған. Сәбіз, сарымсақ, картоп, қияр, қырыққабақ балалардың ең сүйікті көкөністері.

«Дәуірмендер өте көп. Сәбіз, жуа, картошка, фарштың ішінде асқабақ. Баланың кешке дейін қортылып, жақсы ұйықтайды», - дейді тұрғын Әлия.

ЮНИСЕФ жүргізген статистикада жаға ұстатады. Мәселен әлем бойынша  алты айдан екі жасқа дейінгі балалардың 45%-на ешқандай жеміс пен көкөніс тағамдары берілмейді.  Одан бөлек 60% жуығы жұмыртқа, сүт тағамдарын, балық пен етті жемейді. Оны балалабақша қызметкерлері де растап отыр.

«Балабақшаның берілетін тағамын балалар толықтай жемейді деуге болады. Үйдегі ата-ананың қолдауының аздығы....Балалар көбінесе фаст-фуд өнімдерін жейді. Өте үйір, өйткені ата-ана жыламасын деп алып береді. Айранның өзін ішпейді. Үйде мамаларына айтып жатамыз, қант қосып береміз дейді», - балабақша меңгеруші Ақмарал Райымқұлова. 

Арзан тамақтың кеңінен насихатталуы келешек ұрпаққа қауіп төндіруде. Өйткені, дәл осы фаст фудтың салдарынан елімізде семіздікке шалдыққан балалардың да саны артуда. Сандарға сенсек бес жасқа дейінгі әрбір он баланың біреуінде артық салмақ бар. Оның қандай дертке шалдықтыратыны  айтпасақ та белгілі.

Талқылау