Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман пайдасыз диеталар туралы кеңес айтты

Диетолог Ирина Писарева диеталардың пайдасыздығы және салмақ жоғалту үшін дұрыс тамақтану тәртібінің маңыздылығы туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның пікірінше диетадағы уақытша шектеулер қысқа мерзімді ғана әсер етеді.

Маман арықтап, салауатты өмір салтын ұстану үшін, диетаны өзгерту керек екенін айтады. Ақуыздардың, майлардың және көмірсулардың теңгерімін сақтау, пайдалы майлар мен күрделі көмірсулар – жаңғақтар, авокадо, тұтас дәнді дақылдарды жеу маңызды. Сондай-ақ денедегі D дәруменінің тепе-теңдігін бақылау керек, өйткені оның жетіспеушілігі салмақ жоғалтуды тежейді. Сонымен қатар, аптасына кем дегенде екі-үш рет спортпен айналысу керек.

"Артық салмақтан арылу және арықтауды бастау үшін су балансын қадағалау керек. Бұл зат алмасу процесі үшін өте маңызды. Шай, шырындар немесе басқа сусындар емес, суды көп ішу керек", – деп диетолог тағы бір ұсынысын айтты. Ал арықтап бара жатқан адам аштық сезіміне жол бермеу керек дейді диетолог. Аштық диеталарымен денеден тек сұйықтық кетеді, тәбет керісінше күшейетін болады.

Сонымен қатар, көптеген адамдар өздерін тағамнан шектей алмағандықтан ұзақ уақыт бойы салмақ жоғалтуға арналған препараттарды қолданып жатады. Бұл диета аяқталғаннан кейін салмақтың қайта жоғарылауына әкеліп соғады. Егер адамның семіздікке бейімділігі болса және тамақтану әдеттерін өзгерту қажеттілігі туындаса, ол маманмен кеңесу керек.

Талқылау