Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман қандай қалыпта ұйықтау зиян екенін айтты

Сомнолог Виолетта Герасимова адамның ұйқысының сапасы мен оянғаннан кейінгі ахуалы төсекте жату қалпына байланысты екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RuNews24 сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay

Маман дұрыс ұйқының құпиясын ашты. Герасимованың айтуынша, дұрыс қалыпта ұйықтамау мойын мен бел ауруы, бас ауруы, жүрек айнуы және тыныс алудың бұзылуына әкелуі мүмкін.

"Дұрыс қалыпта ұйықтау бұлшықет релаксациясына, жақсы қан айналымына және қалыпты тыныс алуға ықпал етеді", – дейді сомнолог. 

Дәрігер ұйықтар кезде етпеттеп жату зиян екенін айтты. Өйткені адам бұл күйде қалыпты тыныс ала алмайды, кеудесі қысылып, мойыны бұралып кетеді. Сомнолог сол себепті ұйықтар кезде дұрыс қалып таңдау керегін айтты. 



Герасимованың айтуынша, арқамен ұйықтау ішкі ағза мен омыртқаға пайдалы.

"Бұл қалыпта тыныс алу жүйесі қалыпты жұмыс істейді. Ал бұлшықеттер босаңсып, омыртқа табиғи күйде болады. Бүйірмен ұйықтау - арқасымен ұйықтауды ыңғайсыз көретін адамдар үшін жақсы балама. Бүйірмен жатқан адамда омыртқаға түсетін жүктеме азайып, қан айналымы жақсарады", – деді дәрігер.

Сондай-ақ маман сол жақпен ұйықтау да пайдалы екенін айтты. 

Сомнолог сапалы және дұрыс ұйықтау үшін бөлмені желдетіп, тыныш әрі қараңғы жерде ұйықтау керегін жеткізді. 

Айта кетейік, бұған дейін Сомнолог Дарья Лебедева қыс мезгілінде әлсіреп ұйқы сұрайтын ағзаны сергітудің жолын бөліскен еді. 

Талқылау