Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маман ішекке зиян келтірмеу үшін қандай тамақтарды жеу керегін айтып берді

Рационда жасұнық пен судың жеткіліксіз болуы, сондай-ақ майлы және қуырылған тағамның көптігі асқазан-ішек жолы (АІЖ) жұмысына кері әсер етуі мүмкін. Тамақтануда жиі жіберілетін қателіктер туралы "СМ-Клиника" дәрігер-гастроэнтерологы, терапевт Шота Каландия айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Газета.ru” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Маманның сөзінше, жасұнық ас қорытуды қалыпты ұстап, нәжістің жұмсақ болуына көмектеседі және ішектің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Ал оның жетіспеуі іш қатуға және басқа да жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Суды аз ішу, өз кезегінде, ағзаны сусыздандырып, ас қорыту процесін айтарлықтай қиындатады.

Майлы тағамдар, әсіресе қаныққан майлар мен трансмайлар бар өнімдер, баяу қорытылады және ішекте қабыну туындатуы мүмкін. Сонымен қатар мұндай тағамдар созылмалы аурулардың, соның ішінде ойық жара мен колиттің даму қаупін арттырады. Сондай-ақ қант пен тазартылған көмірсуларды шамадан тыс тұтынудан аулақ болған жөн — олар ішек микрофлорасының тепе-теңдігін бұзып, зиянды бактериялардың көбеюіне қолайлы орта қалыптастырады. Бұл өз кезегінде дисбактериозға, іштің кебуіне және тітіркенген ішек синдромына әкелуі мүмкін.

Каландия алкоголь мен кофеиннің де кері әсерін атап өтті, олар ішек шырышты қабатын тітіркендіріп, қабыну процестерінің дамуына ықпал етеді. Сол сияқты құрамында жасанды қоспалары бар өнеркәсіптік өнімдер – консерванттар, бояғыштар мен дәм күшейткіштер де зиян.

Асқазан-ішек жолының саулығын сақтау үшін дәрігер теңгерімді тамақтануды ұстанып, рационға пребиотиктер мен пробиотиктерді қосуды ұсынды.

Назархан Уән
Бейсенбі, 07 Мамыр, 2026 14:59