Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мальдив аралдарында ер адам акуланың шабуылынан кейін аяғынан айырылып қала жаздады

Мальдив аралындағы Нуну атоллының суында шомылып жүрген ер адамның аяғын акула тістеп алды. Турист Mӧvenpick қонақүйінде демалып жатқан. Қонақүй өкілдері болған оқиғадан бейхабар екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Известия" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: iz.ru

Оқиға кезінде ер адам суға түсіп жүріп, жыртқыштың жанына жақындағанын байқамаған. Акула шабуыл жасап, оның аяғынан тістеп алған. Турист аман қалғанымен, ауыр жарақат алған. Хирургтар оған ота жасады. Басылым жариялаған суретте жәбірленушінің операцияға дейінгі және кейінгі суреті көрсетілген. 



Жәбірленуші Ресей азаматы болып шықты. Алайда Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Ресей елшілігі акуланың шабуылы туралы ресейліктерден ешқандай ақпарат түспегенін жеткізді. 

Басылым 2023 жылы ғана акулалардың шабуылынан 84 адам зардап шегіп, оның 18-і қайтыс болғанын хабарлады. Ғалымдардың айтуынша, сүңгуірлер санының артуына байланысты акулалар адамдарға жиі шабуыл жасай бастаған.

Айта кетейік, бұған дейін Мексика жағалауында жүзіп жүрген жас ана 5 жасар қызын акуладан құтқарып, өзі жағада қаза болғаны туралы жазған едік. 

Талқылау