Әйелдің иығын үш метрлік акула жұлып кеткен (видео)
Мысырдың Дахаб курортында үш метрлік акула қызға шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі iz.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Бейнеден алынды
Акула мысырлық әйелді қонақүй жағажайында шомылып жатқан кезде иығынан тістеп алған. Ол көп қан жоғалтты. Алайда құтқарушылар оны судан шығарып үлгерді. Қыз ес-түссіз ауруханаға жатқызылды.
Жергілікті қызметкерлер акуланы іздеуді жалғастыруда. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ. Шарм-эль-Шейхтен 100 шақырымдай жерде орналасқан жағажай уақытша жабылды.
Бұл – Мысырда үш ай ішінде акуланың адамға жасалған шабуылдың екінші оқиғасы.
Айта кетейік, маусым айында ресейлік жыртқыштың құрбаны болды, алайда құтқарушылар оны аман алып қала алмады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"