Жас ана 5 жасар қызын акуладан құтқарып, өзі оқиға орнында қаза болды
Мексика жағалауында жүзіп жүрген жас ана 5 жасар қызын акуладан құтқарып, өзі жағада қаза болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nypost басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: aussiedlerbote.de
Куәгерлердің сөзінше, әйелдің аяғын акула тістеп алған. Жас ана жағалауда қансыраған күйі көз жұмған.
Желіде Мелака қаласындағы жағалауда акуланың адамға шабуылдаған видеосы тарады. Кадрлардан "ол аяғынан айырылды" деген сөзді естуге болады.
26 жастағы әйел – Мария Фернандес Мартинес Хименес, Гвадалахара университетінің теңіз биологиясы факультетінің бұрынғы студенті, Халиско штатының батысындағы ауданда тұрады.
"Хименес қызымен мұхитта болған. Ол судан акуланы байқап қалып, қызын жағадан 75 фут қашықтықта орналасқан қалқымалы ойын алаңына апаруға асыққан", – деді жергілікті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Рафаэль Арайза.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?