“Мақсат – әлем чемпионы атану”: Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа бет бұрды
Фото:ҰОК/Қамшыбек Қоңқабаев
Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа ауысатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұны боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Оның айтуынша, алдағы уақытта келісімшарттар жасасып, басты мақсаты – әлем чемпионы атану.
"Париж Олимпиадасы 2024-нан кейін біраз үзіліс алып, кәсіпқой бокстағы мансабымды жалғастыру мақсатында Лондон қаласына келдім. Қазір жаттығуды бастап кеттім. Алдағы уақытта келісімшарттар жасасып, жанкүйерлерді жақсы жаңалықпен қуантамын деп үміттенемін. Ендігі мақсат – аянбай еңбек етіп, көк байрақты желбіретіп, әлем чемпионы атану", – деді Қоңқабаев.
Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев – әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Сондай-ақ, Азия чемпионатында төрт рет күміс медаль еншілеген. 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды
Қазақстандықтар круизбен әлем аралаймыз деп сотталған әйелге алданып қалған
Жаннаның өзі де InCruises-ке құдағиының шақыруымен барған
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда