Макс Фадеев қазақ жігіттерін жинап, топ құрды
Танымал ресейлік продюссер Максим Фадеев өзінің жаңа жобасы туралы айтты. Ол қазақстандық әншілерден құралған INKI тобын құрмақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: топтың Instagram парақшасынан
Бұл туралы Фадеев өзінің Instagram парақшасында жариялады.
"INKI шығыс әншілеріне ұқсас әнші әрі биші жігіттерден құралған топ болады. Олар нағыз талантты жастар. Алдағы уақытта олар өнерде өз жолдарын табады", - деп жазыпты Фадеев.
Осы жылдың көктемінде продюссер Қазақстанда кастинг жариялап, 5 жігітті таңдап алған еді. Шаштарын түрлі түске бояп, сәйкесінше киім киген әншілер қалың жұрттың ықыласына бірінші бейнебаяндарынан-ақ бөленген еді. Олар АҚШ пен Қытайда өнер көрсетіп үлгеріпті.
Желі қолданушылары Фадеевтің тобын жаппай талқылауда.
Біреулер оларды "керемет", "дарынды жастар" деп мақтаса, ендігілері "өздері сәл біртүрлі екен" деп жазыпты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"