Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бішкекте Макронға қарсы митинг өтті (видео)

Қырғызстан астанасында Франция президенті Эммануэль Макронға қарсы митинг өтті.

Франция президенті Конституциялық кеңесте өмір бойына қызмет ету міндетінен бас тартты

«Қырғыздар карикатураға қарсы» деген ұранмен ондаған адам шықты, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Бішкекте ондаған адам плакат ұстап Горький саябағына келді. Осылайша олар елде күпірлік ету бостандығы бар деп мәлімдеген Франция президенті Эммануэль Макронға деген көзқарастарын көрсетті.

Наразылық білдірушілер «Қырғыздар карикатураға қарсы» және «карикатураны тоқтатсын» деп ұрандады. Бұған дейін мұсылмандар тұратын басқа елдер Макронның саясатына наразылықтарын білдірген.

ВВС-дің хабарлауынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Францияда өндірілген тауарларды бойкоттауға шақырды.

Ал Бангладештің астанасында ондаған мың адам Макронға қарсы шеруге шықты. Олар сонымен қатар француз тауарларына бойкот жариялауды талап етті.

Наразылық Париждің маңында мұғалім Самуэль Пати қайтыс болғаннан кейін басталды. Ол сыныпта Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсетті. Осыдан кейін ол басы кесілген үйінде табылды.

Айта кетейік, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Пайғамбардың карикатурасы үшін Макронға шүйлігіп, "өз еліндегі терроризмге шабыт беруші" деп атағанын жазған едік. 

Талқылау