Мақпал Жүнісова сахнада оңбай құлап қалды (видео)
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова сахнада ән айтып тұрған жерінен абайсызда құлап қалды. Алайда 35 жылдық тәжірибесі бар әнші аяқ киімін лақтырып жіберіп, тез арада орнынан тұрып кетті. Ең қызығы, тұра салысымен «Қазақтың ерке қызы» мың бұрала билей жөнелді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында хабарлады.
«Бүгін киелі сахнада аяқ астынан құлап қалдым. Құдай оңдап орнымнан жеңіл тұрдым, Аллаға мың шүкір», – деп жазды ол видеоның жазбасына.
Желі оқырмандары Жүнісованың денсаулығы үшін алаңдап, құлап қалғанына қарамастан билеп кеткеніне тәнті болды. Көпшілік әншінің неліктен аяқ киімін лақтырып жібергенін сұрап жатты. Оған Жүнісова:
«Неге құлатасың деп ренжіп лақтырған түрім ғой», – деп жауап берді.
Жіберіп алмаңыз:
Қайрат Нұртастың бір күнде қанша табыс табатынын білесіз бе?
Гүлнұр Оразымбетова өзін “отбасын бұзған әйел” дегендерге жауап берді
“Мисс Қазақстан-2016” байқауы қатысушыларының ресми суреттері жарияланды (фото)
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі