Мақпал Исабекова: Қыс жақындап қалды, тұрмысқа шыға салсам ба екен?
Тұрмысқа қашан шығасың? Бұл сұрақ Мақпал Исабековаға жиі қойылады. Жалпы Мақпалдың өзі де сүйікті жар және ана атануға дайын. Алайда оған лайықты жігіт кездеспей жүрген көрінеді, деп жазады Stan.kz.

Былтыр телеарнаға берген сұхбатында ерке әнші 12 жылдан бері сүйіктісін күтіп жүргенін айтқан болатын. Мақпал, тіпті, нағыз махаббатымды кездестірсем өнерімді қиюға дайынмын деп ағынан жарылды. Әнші қыздың ойы әлі де сол.
Күні кеше Мақпал желідегі жазбасымен жұртты бір шулатып алды. Ол:
“Тұрмысқа шықсам ба екен, әйтпесе күз келді, қыс та жақындап қалды”, – деп жазды.
Өз кезегінде желі оқырмандарының пікірі сан-саққа жүгірді. Бірі “Мақпал тұрмысқа шығады, сол үшін алдын ала тыңдармандарының пікірін білмек” деп болжаса, екіншілері әншінің жазбасын қалжыңға балады.
Бір автобусқа 58 миллион теңге: "ҚазМұнайГаз" 1 миллиард теңгеге жуық қаржыға көлік алмақ
Компания мәліметінше, автобустардың басты айырмашылығы олар қолданатын отын түрінде
Астаналық әйел жекеменшік балабақша қызметкерін баланы ұрып-соқты деп айыптады
Қазір балабақшада қызметтік тексеру жүріп жатыр