Мақпал Исабекова: Күйеуім бұрын үйленбеген, екеуміз де тұңғышымызды күтіп жүрміз
Мақпал Исабекова желідегі оқырмандарына жан сырын ақтарып, сауалдарына ашық жауап берді. Ол күйеуі, болашақ сәбиі мен ата-енесі жайлы айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жоқ, үйленбеген. Ол үшін де, мен үшін де бірінші неке, екеуміз де тұңғышымызды күтіп жүрміз", - деді Мақпал.
Сондай-ақ, әнші сәбиінің жынысын білетінін, тіпті оған ат таңдап үлгергенін атап өтті. Алайда жеке өзіне қатысты бұл жаңалықтарды жарияламады. Есесіне:
"Қыз ба, ұл ма, мен үшін маңызсыз болды. Бастысы, бұл жан бізді таңдады. Бұл жаңа адамға өзі таңдаған жолда адал жолсерік болуымызды құдай нәсіп етсін", – деп тілек білдірді.
Сол сияқты әнші ата-енесі жайлы айтты.
"Ата-енеммен өте жақсы қарым-қатынастамыз, шүкір. Өте жақсы, түсінігі мол кісілер", – дейді Мақпал.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды