Мақпал Исабекова: Күйеуде болудың соншалықты күшті екенін неге ертерек айтпадыңдар?
Мақпал Исабекова отбасын құрғалы өзін ерекше бақытты сезінуде. Әнші мұндай күйді бұрын-соңды басынан кешпегенін айтады. Ол күйеуге шыққаннан кейінгі сезімдерімен бөлісті, деп жазады Stan.kz.
"Күйеуде болудың соншалықты күшті екенін неге бұрын айтпадыңдар, қыздар?
Кеше құрбым: "Саналы жаста тұрмысқа шығу деген бөлек, жақсырақ, иә?" - деп сұрады. Келісе салдым.
Бірақ салыстыратындай, мен жас кезде тұрмысқа шықпадым. Меніңше, бастысы, сенің адамың екенін және шашың ағарғанша сонымен бірге өмір сүргің келетінін сезу", - деп жазды Мақпал.
Айта кетейік, жақында тұрмыс құрған Мақпал Исабекованың жарының есімі - Радион. Әнші күйеуінің өзге ұлттан екенін растаған еді. Жігіттің туған жері - Целиноград (Нұр-Сұлтан).
Бұдан өзге, Мақпал жақында стористе оқырмандарына берген жауабында ішімдіктен түбегейлі бас тартқанын айтты.
"Ішімдіктен бірнеше жыл бұрын бас тарттым. Қазіргі уақытта белгілі бір іс-шараға орай бір шыны шарап ішуім мүмкін. Одан көп емес. "Бүгін жұма, көңіл көтереміз, ішімдік ішеміз" сынды лозунгтардың дәурені өткен. Сау күйімде де көңіл көтере аламын", - деп түсіндірді Исабекова.