Мақпал Исабекова ерлерді иісіне қарап таңдайды
Өз адамымда иісіне қарап танимын! Осылай деген Мақпал Исабекова жанкүйерлерін терең ойға батырды. Әнші желідегі кезекті жазбасын иіс сезгіштік қасиетіне арнады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Иіске келгенде өте сезгішпін. Иіссуды ұзақ таңдаймын. Егер иіс маған сай келмесе, түшкіре беремін. Бұл да бір идентификатор. Табиғи иіс сезгіштік қасиетім адамдарға да қатысты. Өз адамымды мен иісінен танимын. Тіпті, мен емес, ағзам анықтайды. Сырт көзге жабайылық не ерсі дүние болып көрінетін шығар, бірақ бұл шындық. Негізі өзім “аудиалмын” (авт. айналаны құлақпен қабылдайтын адамдар) деп есептейтінмін.
Өзім жақсы көретін, жақын адамдарды иіскегенді ұнатамын. Сізде мұндай “оғаш қылық” бар ма? Сіз үшін адам терісінің иісі қаншалықты маңызды (бұл жерде жасанды ароматизатор мен иіссуды айтып тұрған жоқпын), – деп бөлісті ол Instagram-дағы парақшасында.
Тағы оқыңыз:
Жар ізде: Аңғарымпаз жанкүйерлер Тәуекел Мүсілімнің жейдесінен дақ тауып алды
Сиви Махмуди Ninety one-ға бәсекелес қыздар тобын құрды (видео)
6 жасар алматылық қыз Максим Галкиннің шоуына қатысып, ресейліктерді таңдай қақтырды (фото)
“Ринголық” Батыр Байназаров “Аюмиде” өнер көрсеткен Әселді ұзатып алды (фото, видео)