Макгрегор танымал диджейді ұрып тастады
Танымал италиялық диджей Франческо Факинетти UFC файтері Конор Макгрегордың оған шабуыл жасап, мұрнын сындырғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Сол түні Макгрегор маған шабуыл жасады. Ол ондаған куәгерлердің, оның достары мен күзетшілерінің көзінше мені жұдырықпен ұрып, мұрнымды сындырды. Конор себепсіз шабуылдады, себебі бұған дейін біз екі сағат сөйлесіп, көңіл көтердік. Мен үндемей қоя аламын, бірақ мен бұл туралы айтуды жөн деп шештім”, – деді Факинетти.
Сонымен қатар диджей Макгрегорды қауіпті және қатал адам деп атады.
“Мен себепсіз соққы алдым. Бұл соққы кез келген адамға, соның ішінде менің әйелім мен достарыма тиіп кетуі мүмкін еді. Сондықтан мен Макгрегорды сотқа беремін”, – деді Факинетти.
Шұғыл түрде дәрігер шақырылды: Минеев көптен күткен реваншта Исмаиловты нокаутқа түсірді (видео)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі