Махмұд Сабырхан ауыр нокаутпен әлем чемпионатының ширек финалына шықты
Фото: KBF media
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ливерпульде өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында жарқын жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол 1/8 финалда Косово өкілі Башким Баджокуды нокаутпен ұтып, ширек финалға жолдама алды.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ. Бірінші раундта Сабырханның дөп тиген соққысы қарсыласын нокдаунға жіберді. Баджоку рингке қайта тұра алмай, жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.
Айта кетейік, Ливерпульдегі бұл турнир — World Boxing ұйымы өткізген алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионаты. Жарыс 14 қыркүйекке дейін жалғасады.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген

