Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Махаббат деген – күйеудің шаш кептіріп беруі": Дина Төлепберген ғашықтар күнінде жолдасы туралы жазба жариялады

Танымал журналист, продюсер, қоғам белсендісі Дина Төлепберген Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күнінде күйеуі туралы сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/

Журналистің айтуынша, жолдасы ІТ саласының маманы, Стив Джобстың ізбарасы көрінеді. 

Махаббат деген – күйеуің еркелетіп, шашыңды кептіріп бергені. Бүгін Ғашықтар күні деп, жұптар қол ұстасқан әдемі суреттерін жариялап жатыр. Қандай ғажап! Қандай әдемі! Менің күйеуіме атақ-даңқ керек емес. Сондықтан ол кадрда көрінгісі келмейді. Тыныш жүріп, өзінің де, менің де талай тірлігімді арқалап, атқарып жүр. Бастысы – ол мені сезеді, сыйлайды, сүйеді. Мен де”, – деп жазды тележүргізуші.



Сондай-ақ сын сағаты кезінде ғашықтар бір-біріне қолдау білдіру керек екенін де айтып өтті. Ер мен әйел арасындағы байланыстың мықты болуын да еске салды. 

“Махаббат бәрін де жеңеді. Осы сын сағатта сынбау үшін сүйіктіңнің қолдауы ауадай қажет. "Жаным, бәрі жақсы болады. Маған сен" деген сөздің өзі әйелге қуат та, жігер де. Әйелдің де өз күйеуіне шынайы сезімін, алғысын айтып жүруі маңызды! Бүгін – дәл сол күн. Қайда болсаңыз да, қандай күйде жүрсеңіз де, жан жарыңызға жылы тілек айтуды ұмытпаңыз!”, – деп кеңес айтты қоғам белсендісі. 

Еске салайық, журналист әйелдерге қатысты заң жобасын қолдағанын жазған едік. 

Бұған дейін медиа маманының “Астарлы ақиқаттан" ұлы үшін кеткенін жаздық. 

 

Талқылау