Мағжан Шамшадин Душанбедегі Grand Slam турнирінің алтын жүлдесіне таласады
Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Мағжан Шамшадин Душанбеде өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алтын жүлдесі үшін белдеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұзақ үзілістен соң бозкілемге оралған қазақстандық балуан Мағжан Шамшадин Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда италиялық Анджело Пантаномен кездесіп, "иппон" ұпайымен жеңіске жетсе, жартылай финалда ресейлік Изнаур Сааевпен белдесті. Тартысқа толы өткен белдесу 10 минутқа созылып, Шамшадин “шидомен” жеңіске жетті. Енді ол финалда тәжік балуаны Мухаммадсолех Куватовпен жолығады.
Айта кетейік, Мағжан Шамшадин дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, Grand Slam және Grand Prix турнирлерінің жеңімпазы, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жүлдегері.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"

