Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Магистр атанған Әли Оқапов өзінің анасы туралы диссертация жазған

Жуырда ғана өнертану ғылымдарының магистрі атанған Әли Оқапов өзінің анасы туралы диссертация жазған.

okapov 130617

Бұл туралы Әли НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтты.

“Менің анамның шығармашылығына, сахнада жүргеніне 40 жыл болды. Бірақ осы күнге дейін ол туралы бірде-бір ғылыми жұмыс жазылмапты. Қазақстанда, ТМД елдері бойынша, жалпы әлемде. Менің ойымша, ол дұрыс емес сияқты. Өйткені, менің ойымша, эстрада жанрындағы ең бірінші орындаушы ол – менің анам”, – дейді Әли.

Әншінің айтуынша, ғылыми жұмыста ел білмейтін тың жаңалықтар көп.

“Мысалы, анам бірінші мамандығы бойынша скрипкашы. Оны көбісі біле бермейді. Скрпика бойынша білім алған. Екінші бір қызық ақпарат, анам ешқашан вокалдан сабақ алмаған. Мамандығы бойынша – анам муз.драмалық актриса”, – дейді Әли.

Халық әртісінің ұлы анасы туралы ғылыми зерттеуін докторлық жұмысында да жалғастыруға ниетті.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әртістер құрамасы футболдан әлем чемпионы атанды (фото, видео)

Бұрынғы екі күйеуіне зәулім үйлерін қалдырып кеткен Шахизаданың өзі қайда тұрып жатыр? (фото)

Қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың аналары (фото)

Баян Мақсатқызы: Мен біреудің иті, ал Тұрсынғали біреудің бұзауы емес

Талқылау