"Маған жазылыңыздар": Қазақстанда ауыл балалары TikTok желісін бағындыруда
Елімізде дарынды жастар жетерлік. Тек оларды тауып, таланттарын танытуға жол ашу керек. Tele2/Altel компаниясының бірінші басшысы дәл осы оймен Атырау облысы Талдыкөл ауылына сапарлап қайтты. Бұнымен қоса оның елді мекенге келудегі негізгі мақсаты тұрғындармен кездесіп, ұялы байланыс пен интернет сапасы бойынша пікірлерін білу еді.
Талдыкөл ауылындағы базалық станцияның жұмысы жайлы деректерге сәйкес, ауылдағы мобильді интернеттің жылдамдығы небәрі 35-40 Mbps көрсеткен. Дегенмен сол жерде Speedtest сервисінің көмегімен жасалған өлшеулер елді мекеннің әртүрлі нүктелерінде 80-ден 150 Mbps-ке дейінгі көрсеткіштерді тіркеді.
Әңгіме барысында тұрғындар интернеттің тұрақты түрде қолжетімді екенін айтып, оның қандай артықшылықтарға ие екенін жеткізді. Ауылдықтардың сөзінше, байланыстың келуі олардың өмірінің жақсы жаққа өзгеруіне сеп болған.
"Мен Атырау облысы Талдыкөл ауылының Мәдениет үйінде жұмыс істеймін. Біздің ауылда Tele2/Altel операторларының сигналы өте жақсы ұстайды. Олардың арқасында интернетке оңай кіре аламыз. Сондай-ақ балаларды оқыту үшін де өте үлкен көмек болды. Олар онлайн сабақтар өткізілген уақытта қажетті сайттарға еркін кіріп, еш қиындықсыз пайдаланды. Ауылымызда әлеуметтік желі арқылы түрлі мәселелерді талқылайтын чаттар мен топтар құрылды. Сол арқылы ауылда не болып жатқанынан үнемі хабардар болып отырамыз. Оған қоса YouTube, Instagram желілерін пайдаланамыз. Интернет арқылы қажетті заттарды тез табамыз. Елімізде болып жатқан жаңалықтартарды қараймыз. Біз Tele2/Altel интернетін қолданғанымызға өте қуаныштымыз, операторға жоғары баға беремін", – дейді Талдыкөл ауылының тұрғыны Әмина Әбішева.
Тұрғындар жылдам интернет арқылы балалары карантин кезінде еш кедергісіз онлайн оқи алғандарын ерекше атап өтті.
"Біз Атырау облысы Махамбет ауданы Талдыкөл ауылында тұрамыз. Tele2 және Altel байланысын үнемі қолданамыз. Байланыс пен интернет сапасы өте жақсы. Мен өзім Altel абонентімін. Интернет әсіресе, карантин кезінде балалар қашықтықтан оқуға көшкен кезде көп көмектесті. Оператордың жұмысына қатысты ешқандай шағымым жоқ. Кемшіл тұстары мүлде жоқ деп айтса болады. Сонымен қатар интернет теледидар арқылы да жақсы жұмыс істейді. Сол үшін өзіміз де, балаларымыз да Tele2/Altel абоненттеріне алғысымызды айтамыз”, – дейді Талдыкөл ауылының тұрғыны Жазира Құсқұлова.
Оқушылардың өздері де жылдам интернеттің пайдасы туралы айтты. Сондай-ақ, сапалы желінің арқасында олар өздерін блогер ретінде танытып жүрген көрінеді.
"Менің есімім – Зинедин Лунара. Мен Талдыкөл ауылының мектебінде оқимын. Бізде интернет жақсы ұстайды. Сол себепті оны сабақ оқу кезінде көп пайдаланамын. Сондай-ақ TikTok желісіне видео түсіремін. 7 жасымнан бастап TikTok желісіне видеолар жүктей бастадым. Маған жазылып (@lunara199), лүпіл басыңыздар", – дейді жас тиктокер Лунара.