"Маған атуға бұйрық берді": Украинада бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыпталған ресейлік әскериге қатысты сот басталды
Киевте Сумск облысында қарусыз бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыпталған ресейлік Вадим Шишимариннің ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Бұл Украина аумағында қылмыс жасаған ресейлік әскери қызметкердің алғашқы соты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме беріп.
21 жастағы Шишимаринге Украина Қылмыстық кодексінің "Соғыс заңдары мен әдет-ғұрыптарын бұзу" бабы бойынша айып тағылды. Прокуратураның мәліметінше, 28 ақпанда Сумск облысының Чупаховка қалалық үлгідегі елді мекенінде ол жол жиегінде велосипедпен келе жатқан қарусыз қарт адамға оқ атқан.
Шишимарин ұсталған соң қамауда отыр және бұл процеске өзі қатысып жатыр. Ол 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе өмір бойына түрмеге жабылуы мүмкін
Сотталушы Виктор Овсянников есімді адвокатпен қамтамасыз етілген, ол айыптаушы тараптың ұстанымын сенімді деп санап отыр.
Прокуратурадағы дереккөздердің айтуынша, сараптама қорытындысы мен айғақтар сотталушының кінәсін дәлелдеп отыр.
Украиналық БАҚ ресейлік әскери қызметкер өз кінәсін мойындап, тергеу жүргізуге көмектесіп жатыр деп хабарлады. Алайда күдіктінің адвокаты мұны әлі растаған жоқ, ол бұл мәселе бойынша кейінірек мәлімдеме жасайды.
- CNN Ресей әскерінің бейбіт тұрғындарды өлтірген кадрларын көрсетті
- Ұлыбритания Алина Кабаева мен Путиннің бұрынғы әйеліне қарсы санкция салды
4 мамырда Украинаның Қауіпсіздік Қызметі Шишимарин болған оқиға туралы айтып берген видео жариялады. Оның айтуынша, оқиға болар алдында ресейлік техникалар кортежін Украина әскері атқылаған. Сонд төрт орыс солдаты бiреудiң оқ тиген көлігін алып, көмек сұрап ауылға қарай бет алған.
Украинаның бас прокуроры Ирина Венедиктованың айтуынша, жолда олар телефонмен сөйлесіп тұрған және жол жиегінде велосипед айдап келе жатқан адамды көрген.
"Маған атуға бұйрық берілді, мен оған бір рет оқ аттым, ол құлап қалды. Ал біз жүріп кеттік", – дейді сержант видеода.
Венедиктованың айтуынша, әскерилер сержантқа бұл адамды украиндық сарбаздарға өздері туралы айтып қоймау үшін өлтіруді бұйырған.
Прокурорлардың айтуынша, 62 жастағы ер адам үйінен бірнеше ондаған метр жерде қайтыс болған.
Шишимарин Мәскеу облысының 4-танктік Кантемировская дивизиясында жасақ бастығы болып қызмет етті.
Прокурор соттан процесті ашық режимде өткізуді сұрады. Келесі отырыс 18 мамырда өтеді.