Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мадоннаға тіккен көйлекті берді": Анара Батырхан атақты түрік дизайнерінен сыйлық алды

Танымал блогер, әнші, актриса Анара Батырхан өнеріндегі соңғы жаңалықтарын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мархабат” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/anarabatyrkhan/

Әнші түрік әншісімен дуэт жазып, тойға шықпақ. 

“Шығармашылығымда жаңалық өте көп. Мұрат Япырак деген түрік әншісімен дуэт жаздырдым. Тойға арнап жазылған ән. Ол кісі біздің қазақ өнерімен етене таныс. Біраз эстрада жұлдыздарымен ән айтқан. Тіпті Қазақстанға көшіп келді. Оған біздің той бизнесі ұнап қалған. Жақында Шымкенттегі тойға шақырылды. Дуэтімізді халық жылы қабылдайды деген сенімдемін”, – деп ағынан жарылды өнер иесі. 



Сонымен қатар блогер ерекше стильде киінетінін жасырмады. Айтуынша, түрлі образда киініп жүру – сахнада жүрген әрбір адамның міндеті көрінеді. 

“Міне, мына көйлегім де ерекше. Түрік дизайнері Хаккан Аккаяның сыйлаған көйлегін киіп келдім. Мадонна мен Бейонс, Дженнифер Лопеске көйлек тігетін атақты адам екен. Мадоннаға тіккен көйлекті маған сыйлады. Арнайы Қазақстанға келіп, өз қолымен табыстады. Ерекше образ киіп шыққанды жақсы көремін”, – деп жауап берді әнші. 

Еске салайық, актер Айдар Асқарбек блогерге тікелей эфирде сезімін білдіргенін жазған едік. 

 

Талқылау