Мадина: Осы оқиғадан кейін есіме түскен кісілердің бәріне хабарласып, кешірім сұрадым
23 жасында апатқа ұшырап жарты денесі күйіп кеткен шымкенттік қыз басынан кешкен күндері туралы айтып берді. Қыз қандай қиындық болса да өмірден үмітін үзбеген. Ол қандай заман болмасын жақсы адамдардың барына көзі жеткенін айтты.
Бұл туралы «Қазақстан» арнасының «Бақытты әйел» бағдарламасында айтты.
23 жасында ауыр апатты басынан өткерген Мадина апаттаан кейінгі хәлі баяндап берді.
«Машинамен бірге атылып денемнің жарты бөлігі түгелдей сүйек күйінде жанып кеткен. Алла тағала есімді жиғызды, көзімді ашты, көретін хәлге жеттім, құлағым еститін болды, ауызымды аша алатын болдым ақ пен қараны танытты. Осы күніме шүкір. Ендігі оталар сәтті өтсе екен. Адамдардан ұялмай өмір сүруден басқа арманым жоқ», – дейді ол.
Мадинаа отбасының барына шүкір етіп, олар туралы да айтты.
«Ата-анам бетімнен қақпады, білгенімді жасадым. Біреудің ала жібін аттап, ар-намысына тиген жерлерім болмаған. Аллаға шүкір ата-анам жанымда, сіңілім бар. Туған-туыстарым бар аман-есен.
Кішкентай кезімнен мұғалім болуды армандадым. Мұғалім мамандығында оқыдым. Диплом бойынша ешқайда жұмысқа тұра алмадым. Дипломымды құшақтап бармаған жерім қалмады. Ауылдың бәрін араладым. Таппадым. Сондықтан тек уақытша жұмыс жасадым. Астанаға барып құрылыста жұмыс істедім. Күн суытқанда дизайнерлік агенттікте декоратор болып істедім.
Күйеуіммен көлік айдау курсында жүргенде таныстым. Ол мені алып қашты. Бірақ отбасылық өмір мен ойлағандай болмады. Өткенімді елестеткім келмейді. Болашағымды ойлаймын.
Апаттың қалай болғааны есімде емес. Ол туралы адамдардан естідім. Ақиқат біреу және ол аллағаа ғана аян. Ол туралы айтуға ауызым бармайды. Маған берілген сынақты елге жар салып айтуға Алладан қорқамын.
Біреудлерді ренжіткен жерім болсам, есіме түскенін мүмкіндігімше кешірім сұарадым.
Былтыр Корей елінде бетіме ота жасалды. 3 ай есімді білмей, қозғалмай Шымкеттегі ауруханада аттым, 1 ай қимылсыз үйде жаттым. Анам мен әкем жұмысқа кезекпен баратын. Олаар мектепте жұмыс істейді. Мені үйде жалғыз қалдырғысы келмейді.
Жергілікті TVK арнасы келіп, Әзиза есімді журналист мен туралы айтты. Сөйтіп халықтан ақша жинауға көмектесуін сұрадым. Кореядағы 1 отаға 5 миллион қажет болды. Бірақ жиналмады.
Бір күні Әзиза әпке (журналист) хабарласып шетелге тегін барып келуге мүмкіндік туып тұрғанын хабарлады. Сөйтіп маған көмектесен кәсіпкер Жайнар әпкеммен Кореяға аттандық.
Ондағы дәрігерлер «Қыздың денесінде алатын тері біткен, несіне әкеліп тұрсыңдар» депті. Дегенмен, қиын болса да олар денемнен алатын теріні тауып, жасап берді», -дейді Мадина.
Мадинаның Кореяға барып келуіне көмектескен кәсіпкер Жайнар Мұқатайқызы Мадинаға 2018 жылы екінші ота жасалатынын айтты.
«Үлкен өзгерістер күткен едік, бірақ апардық терісі жетіспеушілігіне байланысты қиын болды. Бірақ, ондағы дәрігерлердің айтуынша, енді кешіксек Мадинаның өміріне қауіп төнетін еді. Отаға дейін ол күле алмайтын, кейін күле бастады. Енді 2018 жылы Кореядағы емханалармен бірлесіп қайырылымдылық жасау керек болатын. Оны осы жылы да Мәдинаға беруді ұйғардық», – дейді кәсіпкер Жайнар Мұқатайқызы.
«Биікке шығып, шығып оңбай құлап түстім. Бұрынғыдай көп армандамаймын, құдайға шүкір деп тұрып, шүкір деп жатамын», – дейді Мадина.
Тағы оқыңыз:
Семейде оқушы қызға «қырындаған» мұғалімнің басы дауға қалды
Дариға Назарбаева: Құдайға шүкір, орыс тілін әлі ешкім алып тастаған жоқ
Алматы облысының тұрғыны күйеуі 70 жасқа толғанда бесінші тоқал алып бермек
Депутат еліміздегі балабақшаларда латын әліпбиі бойынша қазақ тілін үйретуді ұсынды