Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдиінен бір айрылып, Сағиынан бір айрылып ішқұса болды: Бибігүл Дәулетбекқызы Асанәлі Әшімовті қолдады

Бибігүл Дәулетбекқызы сынға қалған Асанәлі Әшімовке қолдау білдірді. Тележүргізуші Халық әртісі барлық құрметке лайықты деп кесіп айтты. Айтуынша, аңыз адамға тиісу – әбестік.

Бибігүл Дәулетбекқызы көлік нөмірі үшін басы дауға қалған Асанәлі Әшімовке қолдау көрсетті. Аңыз адамды қаралау әбестік дейді журналист. Одан өзгелер тайраңдап жүргенде Асанәлі ағамызды еркелету орынды деп жазды. 

"Не болды соншама ұлардай шулап?! "АСАНӘЛІ" деген бір сөзге қадалып? Жүрсін! Бұл кісіге бәрі де жарасады. Асанәлі атамыз барлық құрметке лайықты. Өз елінде жүрмегенде осылай, қай елде жүреді?! Аңыз атамызға тиісуді қойыңдаршы тегі.

Жасы 85-ке келген атамыздың осылай марқайып жүргеніне өз басым қуанудамын. Мәдиінен бір айрылып, Сағиынан тағы айрылып ішқұса болған әртісіміз өмірден баз кешкендегі сұхбатын бір кездері оқып, ішім алай-дүлей болған еді… Өз елінде еркелесін. Болмайтын шөпжелкелер де тайраңдап жүр емес пе?! Оның жанында атамызды еркелете алмаймыз ба?!

Бір ғасырда бір рет дүниеге келетін Асанәлі Әшімовтей атамызды көзі тірісінде құрметтейік! Айтпақшы, Бекежанды кезінде жек көргеннің бірі едім. Біз ойлағандай Бекежан жаман адам болмағанын уақыт өте түсіндім ғой. Аңыз бұрмаланғанын бір тарихшы атамыз айтып берді. Кейін жазамын", –  деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы Facebook парақшасында.

Айта кетейік, біраз күн бұрын Асанәлі Әшімовтің көлігінің нөмірсіз жүргені талқыға түскен еді. Полиция бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Халық арасында екі түрлі пікір туды. Бірі әртісті қолдаса, бірі қарсы шықты.

“Қалай жүрсе де жарасады ғой, жасы келген адамды сыйлай білуіміз керек қой. Еліне, өнерге көп еңбегі сіңді, керісінше адамдар ол көлікте кім кетіп бара жатқанын білетін болады”, “Қарақтарым, қойсаңдаршы, жұбайы түсініктеме берді ғой, Асекең туралы кино түсіріліп жатыр деп”, “Бұл кісідей болу қайда?! Жұбайы, екі баласы қайтып, қанша қиын жағыдай болса да мойымады, осы кісінің жасына жетейік”, “Қаңтарда түрмеге жазықсыз қамалып, ұрып-соғып денелері өлідей шығып жатқанда, ел ағасы болып бір ауыз сөз айтпаған атаңыз аман болсын. Не деген қомқорлық десей”, “Заң бұзды, өзінен кейінгілерге теріс үлгі көрсетті. Жасына, атына жараспайды”, “Өзі туралы деректі фильм түсіріліп жатыр деп айтты ғой”, “Дұрыс айтасыз! Барлық құрметке лайық!”, – деп жазды олар. 


Талқылау