Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәди Рымбаев: Мені мазақта, жер қыл, бірақ отбасыма тиме

Әнші Мәди Рымбаев өнері мен отбасы жайлы айтты. Сұхбат барысында жеке басының жақсы-жаман қасиеттері жайлы әңгімеледі. 

Мәди Рымбаев: Мені мазақта, жер қыл, бірақ отбасыма тиме

Бұл туралы әнші TALKLIKE бағдарламасында айтты. 

Мәдидің айтуынша, ол үшін өмірдегі ең маңыздысы - отбасы. Сондықтан отбасы турал айтылған сынды ауыр қабыладйды. 

"Ел алдында жүрген соң небір пікір айтылады. Мен туралы жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де айтылады. Мен оның бәрін көтере алам, бірақ менің отбасыма тіл тигізсе, оны көтере алмаймын. Мені мазақтасын, жер қылсын, бірақ отбасыма тимесін. Бұл мені қатты ашуландырды", - деді әнші. 

Мәди өз сөзінде мінезінің сабырлы, байсалды екенін айтып қалды, алайда ашуға берілетін кездері де болып тұрады. Өмірде көп сөйлемейтінін, көңіл-күйге ерік бермейтін жан екенін айтты. 

Дегенмен ән жазу барысындағы техникалық қателіктер үшін күйіп-пісетін көрінеді. 

"Көп жағдайда әннің оранжировкасын жазып отырғанда компьютерім істемей қалады. Бүкіл еңбегім еш кетіп, сақталмай қалады. Сондай кездері қалай ашуланбауға болады? Менің басымнан талай рет осындай жағдай өтті", - деді Мәди.

STAN.KZ
Бейсенбі, 26 Желтоқсан, 2019 18:35
Талқылау