Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мәдениетінің деңгейі": Қоғам белсендісі Алматы әкімдігі мен Зәкиеваның өзін қызметінен айырғысы келгенін айтты

Заңгер-әлеуметтанушы Халида Әжіқұлова Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев пен республикалық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева екеуі бірлесіп жұмысынан айырғысы келгені туралы айтты. Ол қалалық әкімдік қызметкерлерін “жауапкершілігі жоқ, әрі қорқақ” деп атап, ал Зәкиеваны бұл қызметке тек “тәжірибесі жоқ “Аmanat” партиясының мүшелерін тағайындайды” деп айыптады. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Azhikulova kollaj

Автор Динара Зәкиева 2023 жылдың маусым айынан бастап бұл қызметке кіріскелі бері облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкілдердің орнына әкімдер өздерінің кеңесшілері ретінде "Аmanat” партиясының мүшелерін және осы партиядан шыққан мәслихат депутаттарын тағайындап келгенін айтадады.

“Осылайша Зәкиева барлық облыстық балалар құқықтары жөніндегі уәкілдердің тек “Аmanat” мүшелері болғанын қалайтын сияқты”, – деп жазады Халида Әжіқұлова.

Әжіқұлованың сөзінше, тағайындалған күнінен бір-екі апта өткен соң, Зәкиева өзінің үстінен білім министріне шағымдана бастаған, ал кейінірек қоғамдық жұмыстардан мүлдем аластату үшін Досаевқа да шағымданған болса керек, деп топшылайды.

“2022 жылдың қыркүйегінде әкім Досаев мені балалар құқығын қорғау жөніндегі штаттан тыс кеңесші етіп тағайындағанда, мен қатты таң қалдым. Досаев мені мүлдем танымайды. Ал негізінде әкімнің бұл ұстанымы содан бері өзгерген жоқ – ол менімен де, менің бір жыл бойы балалардың құқығын қорғау жөніндегі жұмысыммен де танысқан емес. Мен жұмыс істеген бір жыл ішінде Қазақстанның басқа аймақтарындағыдай емес, әкім Досаев өз кеңесшісі ретінде Алматыдағы балалардың құқықтарын қорғау жағдайын бір рет те сұраған емес. Оның әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Нүсіпова (Әсем Нүсіпова – ред.) бір жыл ішінде мені екі рет ғана жиналысқа шақырды және сол сияқты мен жұмыс істеген бір жылдағы балалардың құқықтарын қорғау туралы есеп беруімді де сұрамады. Нүсіповаға айтқан Алматыдағы балалардың құқығын қорғау туралы бірде-бір ұсынысым орындалмады”, – дейді ол.

Дегенмен Әжіқұлова бір жыл ішінде мен балалар мәселесі бойынша барлық қалалық басқармалармен белсенді жұмыс істеп, ата-аналар, қала тұрғындары тарапынан өзіне жіберілген және әлеуметтік желілерді бақылау барысында анықтаған балалардың құқықтарының бұзылу оқиғалары бойынша белсенді жұмыс істегенін атап өтеді.

Ол шілде айында әкім Досаев өзін кеңесші етіп тағайындау туралы бұйрығының күшін жойғанын айтады. Алайда ол бұл туралы кейін біледі.



“Оның (әкімнің – ред.) қол астындағы қорқақ қызметкерлер бұл туралы маған айтудан қорықты. Бір уақытта қалалық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның хатшысы Әмірова мені кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі қалалық әкімдік мәжілістеріне шақыруын қойды. Оның айтуынша, бұл – әкім Досаевтың бұйрығы болған. Менің штаттан тыс кеңесші мәртебемді жоюды негіздеу, сондай-ақ балалар құқығын қорғау бойынша ағымдағы істерді кімге беру туралы ақпарат беру туралы өтінішіме жауап ретінде Әмірова мені WhatsApp желісінде бұғаттап тастады”, – дейді автор.

Әжіқұлова мұны әкімдік қызметкерлері мен Досаев командасының "мәдениетінің" деңгейі деп суреттейді.

“Әкім қандай болса қарамағындағылар да сондай. Сонымен қоса менің отставкаға кетуім білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен келісілген жоқ, олар да мен секілді Досаевтың кәсіби емес әрекетіне таң қалды”, – деп қосады автор.

Әжіқұлова Досаевтың өзінің кеңесшісі етіп “Аmanat” партиясынан шыққан тағы бір депутат, экономист Диана Ерланды тағайындағанын айтады. 

“Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ресми ақпаратқа сәйкес, ол "Аманат" партиясы жанындағы балалар құқығын қорғау кеңесінің мүшесі, сонымен қатар, 2020 жылға арналған ақпарат бойынша Зәкиеваның "Қасиетті жол" жеке қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі болған. Жаңа кеңесшінің әлеуметтік желілерін мұқият қарасаңыз, “Аmanat” партиясы туралы жылы лебіздерден өзге балалар құқығына қатысты бір де бір ақпарат таппайсыз”, – дейді ол.

Ол сонымен қатар жаңа кеңесшіні тағайындауды Балалар құқығын қорғау комитетімен ақылдаспағанын баса айтады. Оның орнына жаңа кеңесші тек Зәкиевамен келісілді, дейді ол.

Халида Әжіқұлова мұның бәріне қарамастан өз қызметінен ешқайда кетпейтінін және балалар құқығын әрі қарайда қорғай беретінін айтады. Ол Астанаға барған соңғы сапарында балалар құқығын қорғау комитетіндегі қызметкерлер де Зәкиеваның жұмысына наразы екенін жеткізді.

“Мен Зәкиеваның бала құқығын қорғайтын мемлекеттік қызметте болуына жол бермеу керек деп есептеймін. Ол өзінің қандай қызметкер екенін көрсетті. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалған кезде келіспейтінін білдірген қоғам белсенділері дұрыс айтты. Алайда ол адамдардың сөзіне құлақ асқандар аз еді”, – дейді Әжіқұлова.

Халида Әжіқұлова Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің орынбасары деңгейінде көпшілікке жарияланып, бұл қызметке шын мәнінде сауатты, лайықты тұлға тағайындалады деген сенімін білдірген.

Талқылау