Мәдениет министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы 8 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев пен әдеп жөніндегі уәкіл Еренай Дәржібаевқа қатысты сот өтті. Сот экс-шенеуніктерді қомақты көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, Қуатжан Уәлиев пен Еренай Дәржібаев қомақты көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған. Олар діни әдебиеттің шығарылуы бойынша мемлекеттік сатып алулар келісімшартын жасау жолы арқылы қорғаншылығы үшін пара алыпты.
Сот мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Уәлиевті 8 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді. Ал бұрынғы әдеп жөніндегі уәкіл Дәржібаевқа 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Сонымен қатар сотталушылардың екеуі де мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық